Испанияда 100 метрлік туннельге түсіп кеткен нәрестенің денесі шығарылды — Жаһан

0

Испанияның Малага провинциясында 12 күн бұрын терең құдыққа түсіп кеткен екі жасар баланың денесі шығарылды, — деп хабарлайды РИА Новости Pais басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, құтқарушылар баланың денесін сенбіде, 26 қаңтарда, шамамен түнгі 01:25-те (Астана уаықтымен 06:25-те) тапқан. Сәбидің ата-анасына суық хабар жеткізілді. 

13 қаңтарда Юлен Розелло есімді бала диаметрі 25 сантиметр және тереңдігі 100 метрден асатын туннельге түсіп кеткен. Су іздеу үшін қазылған ұңғыманы қараусыз қалдырған. 

Сол күннен бастап Тоталан муниципалитетінде баланы құтқару операциясы басталды. Мұны бүкіл ел болып бақылап отырды. 300-ден аса құтқарушылар мен Азаматтық гвардия қызметкерлері жұмылдырылды, көптеген техника тартылды. 

Соңына дейін баланың тірі не өлі екені белгісіз болған. Баланың ата-анасы бұрындары тағы бір баласынан айырылған — ол өткен жылы үш жасында қайтыс болған. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz