Франция Сүриядан әскерін шығармайды
Франция Сүрияда терроризмге қарсы күресті жалғастыратын болды. Бұл туралы Франция СІМ мәлімдеді.
Францияның еуропалық істер бойынша министрі Натали Луазо содырлармен күресті жалғастыра беру керектігін айтты. Ол өз сөзінде: «Ислам мемлекеті» сынды ұйымдар жер бетінен толықтай жойылып кеткен жоқ және НАТО елдері үшін қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орында. Стасбургте орын алған жағдай да соның айқын дәлелі», – деді. 2015 жылы Парижде орын алған ірі терактіден кейін, Францияда қауіпсіздік шарасы барынша күшейтілген.
Еске сала кетейік, сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасына «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының күйрегенін» және «АҚШ әскерінің Сүрияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу» екендігін жазған болатын. 19 желтоқсаннан бастап АҚШ өз әскерін Сүриядан шығара бастады.