FlyArystan билеттерді 3 мың теңгеден сатып жатыр: Үш күндік жеңілдік

0

 

Саяхаттау мерзімі: 12 қаңтар — 4 наурыз

FlyArystan әуе компаниясы мобильді қосымшасы арқылы билетті жеңілдікпен сатып жатыр. Сатылым мерзімі 8-10 желтоқсан аралығы.

Бұл күндері FlyArystan рейстерінің барлық бағыттар бойынша, 12 қаңтардан 4 наурызға дейінгі мерзімге жоспарланған билеттерін 2999 теңгеден сатып алуға болады (әуежай салығын қосқанда бір жолға бортта кездейсоқ орын және 5 кг қол жүгін қосады).

Науқан әуе компаниясының мобильді қосымшасы арқылы билеттерді сатып алғанда ғана жарамды. IOS (AppStore) және Android (Google Play) құрылғыларына негізделген барлық пайдаланушылар FlyArystan қосымшасын жүктей алады. Билеттер акция кезеңінде немесе жарнамалық билеттер толық сатылғанға дейін қол жетімді. Жарнамалық орындар саны шектеулі.