Бергей Рысқалиев Назарбаевтың тоқалын кепілге алып, өз мүлкін қайтарып алды – Е.Бапи

0
22119

Оппозиция белсендісі, оппозициялық «Дат» газетінің құрылтайшысы, журналист Ермұрат Бапи Ринат Заитовтың Youtube арнасындағы «Азаматтық пікір» бағдарламасына сұхбат беріп, ЖСДП (Жалпыұлттық социал демократтар партиясы) төңірегінде болып жатқан дау туралы айтты.

Оның айтуынша, ЖСДП шетелге қашып кеткен Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтың қолына өткен және қазір бұл саяси ұйым ҰҚК-ның бұйрығын орындайды.

Сонымен қатар Ермұрат Бапи Рысқали өткен жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «тоқалын ұстап алып», сол арқылы экс-президентке қоқан-лоққы көрсетіп, өзінің дүние-мүлкін қайтарып алған.