Флилиппинде мешітте жарылыс орын алды

0

Оқиға нәтижесінде екі адам қаза тапты.

Филиппиндегі Минданао аралында орналасқан Замбоанга қаласындағы мешіт ғимаратында граната жарылу салдарынан ең кемі екі адам қаза тауып, төрт адам жапа шекті, деп хабарлайды ТАСС.

Rappler порталының мәліметінше, мұсылмандық дін қызметкерлері мешітте отырған сәтте, белгісіз біреу ғимарат ішіне граната лақтырып жіберген. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. Олардың денсаулықтары жайлы ақпарат түскен жоқ.

Оқиға қатысты басқа мәліметтер белгісіз.

Бұдан алдын, 27-қаңтар күні Филиппиндегі Хало қаласында (Сулу провинциясы) кафедральді жиналыстан соң жарылыс болған еді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 20 адам қаза тауып, 111 адам жапа шеккен. Reuters агенттігінің хабарлауынша, орын алған жарылыстардың барлығын «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тиым салынған) террористік тобы өз мойнына алды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/