«Философияны жоққа шығару уахабистерден билікке көшкен бе»: Белгілі профессор Асхат Аймағамбетовке үндеу жасады

0

ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғару оқу орнындарындағы пәндерді қайта қарап, өзгеріс енгізіп жатқаны белгілі.

Осыған орай белгілі дінтанушы-ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай «Философия» пәнінің оқыту үрдісіне байланысты өз пікірін айтып, министр Аймағамбетовке үндеу жасады.

Ғалым білім беру стандарттарынан философияны міндетті емес, таңдау пәніне айналдыруға қарсы екенін жеткізді.

«Міндетті пәндерді қайта қарау керек. ҚР БҒМ тарапынан жасалып жатқан өзгерістер заман талабы екендігін мойындаймын.

Бірақ мына таблицадағы «философия» пәні туралы тез шешім қабылдауға болмайды. Кез келген құбылыстың мәніне үңілуді философиядан басқа пән шеше алмайды. Оның үстіне әлі күнге кешегі кеңестік, отарланудан тәубе деп, енді ғана өз болмысына оралсам ба, жоқ әлде мәңгүрттігім олжа ма деп отырған тұста, философия пәнін ысырып тастау өте қауіпті.

Ұлттық қауіпсіздігіңді, болмыстық сақталуыңды, құндылықтық нақтылануыңды, ел болып еңсеңді көтеруіңді қамтамасыз ететін ол ойшылдық… Ал дұрыс ойды, ойлануды философиядан басқасы бере алмайды. Сондықтан құрметті министр Асхат Аймағамбетов мырза осы мәселені қайта қарауыңызды сұраймын! Бұрын философияны бізде тек уахабистер жоққа шығарушы еді, енді билік те солай ауған ба қалай? Түсініктеме беруіңізді талап етемін!» деді профессор.