Фархаттың фильмі кинофестивалдің бас жүлдесін жеңіп алды

0

Режиссер Фархат Шәріпов түсірген «18 килогерц» атты фильмі 17 -ші Қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесін, «Ең үздік толықметражды ойын фильмі» номинациясы бойынша алды. Сондай -ақ, фильм операторлық жұмыс үшін де марапатқа ие болды (Александр Плотников), деп хабарлайды ҚазАқпарат кинофестивальдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 килогерц» — бұл 90 -жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өміріне бағытталған көше тарихы. Зара Есенаманның «Хардкор» романы бойынша түсірілген фильм Қазақстанда 2021 жылы ақпан айында жарық көрді.

Өткен жылы «18 килогерц» фильмі қазақстандық кино тарихында тұңғыш рет 36-шы Варшава халықаралық кинофестивалінің Бас жүлдесін алған. Кейін бұл фильм Котбус қаласында (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды.

Татарстан Республикасының астанасында қыркүйектің 5 -і мен 10 -ы аралығында XVII Қазан халықаралық кинофестивалі өтті, биыл форумға 45 елдің киногерлері өтініш білдірген.