Серуендеп жүріп снаряд тауып алды 

0

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралына серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алды.  

Ол тауып алған “олжасы” туралы құқық қорғау органдарына хабар берген. Кейінірек ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі сақшылардың оқиға орнына жедел келіп жетіп, тексеру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.  

«Тексеру барысында белгілі болғандай, бұл оқу-жаттығуға арналған артиллериялық снаряд. Ол айналаға ешқандай қауіп төндірмейді», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

 Снаряд жақын маңдағы әскери бөлімге жеткізілді.