Ішінде ҚР ҰҚК аккаунттары бар. Facebook пен Instagram адамзатқа зиян аккаунттарды жойды

0

Facebook пен Instagram бүкіл әлем бойынша халықтың азат ойына зиянын тигізеді деген аккаунттардың көзін жойды. Олардың ішінде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі аккаунттар бар.

Аталған әлеуметтік желілердің ресми мәліметінше, бұл аккаунттар 2019 жылы билікке қарсы наразылықтар өткен кезде әдейі ашылған.

«Біз 31 есептік жазбаны және бір топты, сондай-ақ Қазақстанның ішкі аудиториясы үшін құрылған Instagram-дағы 28 есептік жазбаны жойдық. Тергеу барысында жойылған аккаунттардың Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ экстремизмге қарсы күрес бөлімімен байланысты екені анықталды. Бұл желі 2019-2020 жылдары Қазақстандағы наразылықтар кезінде құрылған және оқырмандары жоқ», – делінген Facebook хабарламасында.

Соңғы үш жылда Facebook әкімшілігі аккаунттарға мониторинг жүргізе бастаған.
Мониторинг мемлекеттік емес сектор өкілдеріне, шетелдік және мемлекеттік субъектілердің аккаунттарына да әсер етеді.