Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

0
4355
Сурет: instagram.com/p/BNCjy3mAL0s/?utm_source=ig_embed

Барак Обама АҚШ президенті болған кезде Әсел Төленова АҚШ президенті протоколы бастығының орынбасары болған. Енді қазақ қызының қызметі жоғарылап, протокол басшысы міндетін атқарушы болды, деп хабарлайды АҚШ билігінің ресми сайты.

«Әсел К. Робертс 2021 жылдың 20 қаңтарында АҚШ Протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Протокол бастығының кеңсесінде 15 жылдан астам тәжірибесі бар ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарды.

Робертс ханым дипломатиялық қызмет мектебін бітірді. Эдмунд Уолш атындағы Джорджтаун университетінің Халықаралық құқық және ұйымдар саласындағы ғылым бакалавры дәрежесі бар. Ол орыс, қазақ және жапон тілдерінде сөйлейді», — делінген хабарламада.

Factcheck.kz сайтында хабарланғандай, Әсел Робертс (бұрынғы Төленова) АҚШ протоколында бұрыннан жұмыс істеп келеді. FederalPay.org мемлекеттік қызметкерлеріне арналған ресурс деректеріне сәйкес, 2005 жылға дейін ол Алматыда жұмыс істеді. АҚШ мемлекеттік қызметінде кем дегенде 2008 жылдан бері жұмыс істейді.

Әсел Төленова 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун университетіне дипломатиялық қатынастар факультетіне түсті, ал бес жылдан кейін АҚШ президентінің протокол департаментіне қызметке кірді. 2014 жылы ол департамент бастығының орынбасары лауазымын алды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету