Ескерту жасап, көлігін тепкені үшін. Алматыда джип мінген жасөспірім қарияны битамен ұрып өлтірді
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған кісі өлтірушіге 2021 жылғы 12 қаңтарда шығарған айыптау үкімі күшіне енді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Барлығы 2019 жылдың 30 желтоқсанында Алматы қаласында болды. 62 жастағы М. Акмаев дүкенге азық-түлік әкелу үшін шығып, қайтып оралмаған. Тергеу барысында қайғылы оқиғаға марқұм мен қылмыскердің ерегесіп қалуы себеп болған.
Сотталушының айтуынша, марқұм жүргізушіге ескерту жасап, оның көлігін аяғымен теуіп жіберген. Оның ашулануына осы нәрсе себеп болған.
Куәгерлердің айтуынша, жас жігіт джипті тұраққа қойып, көліктің жүксалғышынан бейсбол таяғын алып шыққан. Бұрылып үлгерген жаяу жүргіншіні осы битамен желкесінен ұрған. Көптеген куәгер бірауыздан осылай болғанын растады. Осыдан кейін қылмыскер оның өлі-тірісін тексеріп, оқиға орнынан қашып кеткен.
Сот тергеуі кезінде қылмыскер Г. барынша жауапкершіліктен қашуға тырысты: ол қарсыласын тек кеудесінен итергенін, қолында бита емес, қолшатыр болғанын айтты. Алайда дәледер оның сөзіне қарсы болып шықты.
Сондай-ақ, ол өзінің психикалық денсаулығы туралы екі түрлі анықтама ұсынған. Біреуінде есі дұрыс делінсе, екіншісінде керісінше.
Ұзақ тергеу амалдарынан кейін Г. 7 жыл 6 айға қамалды. Жазасын кәмелеттік жасқа толмаған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.