«Есімін Батыр деп қойдық»: Алматылық отбасының 8 жыл күткен тұңғышы Украинада дүниеге келді

0
35

Украинадан төртінші репатриациялық рейспен елге оралғандар арасында жаңа туған нәресте де бар, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Жұмыс бабымен екі жылдан бері Украина астанасы Киевте тұрып жатқан Бауыржан Игіліков пен жарының тұңғышы 28 ақпанда Хмельницкий облысының Дунаевцы ауданындағы перзентханада дүниеге келген. «Оған дейін біз Киевтің «Адонец» деген клиникасымен келісімшарт жасасып қойған болатынбыз. Бірақ ол жерге телефон соққанымызда «басқа жаққа барыңыздар, бізге шабуыл жасалуы мүмкін деп ескертті». Біз кетіп қалдық. Келіншегім босанған күннің ертесіне сол клиникаға зымыран тигенін естідік. Құдай сақтап, кетіп қалғанымыз жақсы болыпты», — дейді Алматы қаласының тұрғыны Бауыржан Игіліков.

Ерлі-зайыптылар тұңғышын 8 жыл күткенін айтады. Олар ұлының атын Батыр деп қойған.

Айта кетейік, 10 наурызда Украинадан төртінші репатриациялық рейспен елге 155 жолаушы оралған болатын.