«Ешқандай мемлекет COVID-19 вирусына қарсы ем таппайды»: Экстрасенс пен нумеролог коронавирус қашанға дейін созылатынын айтты — Қазақстан жаңалықтары
Еліміздің танымал көріпкелдері вирус қашан бітетініне, карантин қашанға дейін созылатынына болжам жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «TALKLIKE» жобасына сілтеме беріп.
Экстрасенстер арасындағы шайқастың жеңімпазы Камрян Самедов коронавирус жазға дейін созылады деп болжап отыр.
«Менің болжамым бойынша карантин мамыр айына дейін жалғасады. Себебі солай болуы тиіс. Аурудың таралуы жазға дейін созылады. Карантин адамдар қауіпсіздігі үшін мамырдың соңына дейін болуы керек. Адамдар қаншалықты үйден шықпай карантин режимін сақтаса, соншалықты жұқтыру саны да аз болады», — дейді ол.
Аурудың қайдан келгені жайлы экстрасенс былай дейді:
«Бұл экологиялық ауру, жануарлардан келген. Бір жағынан бұл Алланың адамдарға берген жазасы, белгі болуы мүмкін. Жазда ауру саябырсып, бітеді деп болжаймын. Дұға ету керек».
Айтуынша, аурудың таралуы ресми хабарланғандай,13 наурызда басталды.
Осыған дейін Камрян Самедов Қазақстанда 2000-ға жуық адам жапа шегеді деп болжап, Қытайға әуе жолдарын жабу керек екенін айтып, билікке жолдау жасаған.
Қазіргі болжамы бойынша, Қазақстан айтарлықтай зардап шекпейді, сондықтан дүрбелең тудырудың қажеті жоқ. Айтуынша, Францияда, Италиядағыдай көп адам зардап шекпейді.
«Ешқандай мемлекет COVID-19 вирусына қарсы ем, вакцина таппайды. Бұл вирус ыстыққа шыдамайды. Екі ел Түркия, АҚШ осы ауруды алдын алуға жақсы шаралар жасайды. Еуропа елдерінде адам шығыны көп болады: Италия, Испанияда. Одан кейін АҚШ-та көп адам көз жұмады», -дейді экстрасенс.
Болжамы бойынша, бүкіл әлемде вирустан 1,5-2 млн адам көз жұмады.
«Қазақстанда карантиннен кейін мейрам болады. Халықтың көңіл күйі жақсы болады. Айтарлықтай үлкен дағдарыс болмайды. Қазақстанда саяси өзгеріс те көріп тұрған жоқпын», — дейді ол.
Құралай Бақытқызы айна саны болғандықтан, кібісе жылы, көп адам мүшел жасқа келетіндіктен, осындай сынақтардың Алладан келуі шарт еді. Алладан келген сынақ деп ойлаймын.
Бұрынғы уақытқа аналитика жасап көрдім: 1720-да — чума, 1820-да — холера,1920-да испан дерті болды.
«Менің болжамым бойынша, мамыр айы сауығу айы, медицина айы, маусым айының басына дейін жағдай тұрақтану керек», — дейді нумеролог маман.
«Қазақстанның биылғы саны 13 болып тұр. Биылғы жылдың саны бүкіл әлем бойынша 4 болып тұр: бұл мединцина, денсаулық саны. Ал Қытайда тіпті, өлімді білдіреді.»
«Саяси өзгерістер болмайтын сияқты. Билікте өзгерістер көре алмадым. Келер жылы болуы мүмкін, әлеуметтік жағдай қиындық болады деп ойламаймын. Биылғы жыл еріктілер жылы. Қыркүйек айында экономикада тұрақтылық орнайды. Ата жұртқа халық қайта оралатын жыл болады», — дейді ол.
Айтуынша, алдағы екі жылда қазақтандықтарды ауыр жылдар күтіп тұр.
«Алдағы екі жылда елімізге тағы да 13 саны түсіп тұр. Апаттар көп болуы мүмкін. Бұл дегеніміз халық тарапынан қате шешімдер көп қабылданатын жыл, техникалық қауіпсіздікті сақтау керек, миграция жылы және тұрғын үй жағынан жағдай жасалады деп болжаймын», — дейді нумеролог маман.
Экстрасенс Бақыт Жұматова мамыр айында вирустың күші жойылады деп болжайды.
«3% беріп отырмын. Ең көбі отыз адам көз жұмуы мүмкін. Сәуір-мамыр айында Мәскеуде пайда болуы мүмкін.
Доллар 600-ға дейін көтеріледі, маусым-шілде айында 350-ге түсуі мүмкін. Бүкіл әлемде мемлекет басшылары ауысады.
Айтуынша, алдағы жылдары әлемде су тапшылығы орнауы мүмкін. Қазақстанда жаңа қалалар бой көтереді.
«Бұл вирус жәй ғана сынақ. Ал 2024 жылы эпидемия, соғыс болуы мүмкін. Мұрны жоқ адамдарды көріп тұрмын, сондықтан осы жылдан қорқамын», — деп қорытындылады экстрасенс.
stan.kz