«Ешқандай хабар-ошар жоқ». Түркиядағы зілзалада қазақ жігіті жоғалып кетті

0
Хатай қаласында болған жер сілкінісі салдарынан қазақтың азаматы, халықаралық деңгейдегі маман Мирус Құрмашев жоғалып кетті.
Зілзаладан кейін байланысқа шықпаған қазақ азаматы Мирус Құрмашевтың жоғалғаны жайлы әріптесі Мағжан Мәдиев жазды.
— Достар, біздің досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ.
Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Түркияға ұшады. Қандай да бір ақпарат болса немесе іздеу тобына қосыламын дейтіндер болса, Мирустың ағасы Алматқа телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз. +7 702 430 20 21, — деді азамат.
Дәл қазіргі уақытта жоғарған азамат жайлы елшілікке хабарланды. ҚР Елшілігі шұғыл арада қазақ жігітін іздестіру жұмыстарына кірісті.  Мирустың туған-туысқандары іздестіру жұмыстарын күшеуту үшін бүгін Түркияға ұшады. Оқырмандардың барлығы Мирус Құрмашевтың тілеуін тілеп отыр.