Ақын неге құбылды?

0

Бүгін елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV Съезі өтті. AMANAT партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімін бекітті.

Тізімде барлығы 119 адам бар:

Партиялық тізімдер бойынша – 90 адам. Олардың қатарында Мәжілістің бұрынғы төрағасы және партия төрағасы Ерлан Қошанов, экс-министр Асхат Аймағамбетов, партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсембаев, сондай-ақ Мұрат Әбенов, Ринат Зайытов, Есентүгел Елеукен, Дидар Смағұлов бар.

Мажоритарлық жүйесі бойынша 29 адам бар. Олардың қатарында еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов, актер Ерік Жолжақсынов және VII шақырылымдағы Мәжілістің бұрынғы депутаты Еділ Жаңбыршин бар.