«Ешкі» деп Димашқа айтпаған: Әншінің жанкүйерлері оператордың шын мәнінде не дегенін түсіндіріп берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері клубының бірі әншіге қатысты шыққан даудың себебін түсіндірді. Бұған дейін ресейлік оператордың бірі Димашты «ешкі» деп атады деген дау туған еді. 

 

 

«Кеше БАҚ-тан Бірінші арнаның операторы Димашты ешкі деп атады деген әңгіме тарады. Димаш пен Игорь Крутой түскен трансляция кезінде оператордың бірі «Мына ешкі оған түсіп тұр» деген сөз естілді. Мұны естігендер ешкі сөзін басқа мағынада қолданды», — дейді Facebook-тегі The World Club фан-клубы. 

Клуб мүшелерінің айтуынша, мұнда біреу біреуді ренжітетіндей сөз айтқан емес.

«Әрбір мамандықтағы секілді операторардың да кәсіби сөздері бар. «Ешкі» сөзі тативтің жұмыстық атауы. Бұл камера жалғанған штатив. «Мына ешкі оған түсіп тұр» деген сөз олардың жұмыс тілімен айтқанда «камера штативінің көлеңкесі әртіске түсіп тұр» деген мағынада. Яғни, жарық дұрыс түспеген. Сол себепті кадрда артық көлеңке пайда болған. Бұл дегеніміз желідегідей айтылған әңгіе емес», — дейді клуб өкілдері. 

Димашқа қатысты жағымсыз әңгіме тараған соң әншнің жанкүйерлері арна операторынан түсініктеме талап еткен еді. 

stan.kz