Ержан Максим «Балалар евровидениесі 2019» – видео

0
26

12 жасар қазақстандық Ержан Максимнің байқаудағы өнері көрермен көңілінен шықты. Жиылған жұрт ән аяқталмай тұрып, ду қол шапалақ соға бастады

Ержан оныншы нөмірде өнер көрсетті. Ол Armanyńnan Qalma әнін қазақ және ағылшын тілінде шырқады.

Видео YouTube-ке жүктеле салысымен түрлі елдің желі қолданушылары Ержанға таңданысын жасырмай, бірінен соң бірі пікір жаза бастады.

«Ержан тамаша өнер көрсетті»

«Үздік дауыс»

«Ержан Максим, сен кереметсің!»

«Өнеріне тәнті болдым», – деп жазды Ержан орындаған әнді тыңдағандар.

Тағы оқыңыз: Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты

Ержан Максим көрермен мен қазылар алқасының дауыс беруінің қорытындысы бойынша екінші орын алды. Польшалық  Виктория Габор жеңімпаз атанды. Үздік үштік қатарына испаниялық Мелани Гарсия да енді.



sputniknews.kz