Ержан Бабақұмаров Президент Әкімшілігінде құрылған жаңа орталықтың меңгерушісі болды

0

2018 жылғы 11 желтоқсан 17:46 64

Ержан Бабақұмаров Президент Әкімшілігінде құрылған жаңа орталықтың меңгерушісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ержан Бабақұмаров ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды», — делінген Ақорданың ресми сайтында

Бұған дейін, Елбасының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымына тиісті өзгеріс енгізіле отырып, Талдау және болжамдау орталығы құрылғанын хабарлаған болатынбыз. 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz