Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігінің басшысы қызметінен кетті

0

Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Хабар» агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин еңбек шартының аяқталуына байланысты қызметінен кеткенін, ол «Хабар» агенттігі» АҚ-та 2019 жылдан бері жұмыс істегенін хабарлайды. Қазіргі уақытта басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Ол «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған», — делінген ведомство хабарламасында.

Ерлан Бекхожин Tengrinews.kz тілшісіне де агенттік басшысы қызметінен кеткенін растады.