Ерке Есмахан мен Raim Лондонға демалысқа ұшып кетті (видео)

0

Жылдың басында шаңырақ көтерген қазақстандық әншілер Ерке Есмахан мен Raim Ұлыбританияға аттанды. Әртістер сапарда түсірілген кадрларды әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Ерке Есмахан Лондонға күйеуімен бірге ұшқанын Instagram-дағы сторисынде көрсетті. «Жұмағым, бәрі үшін рахмет», – деп жазды Ерке сүйікті күйеуінің аккаунтын белгілеп. Әнші өздерінің қай қонақүйде тоқтағанын айтып, ағылшынша таңғы асының видеосын да бөлісті. Әлеуметтік желіде жұбайы сияқты белсенді емес Raim-ның өзі Лондонда түсірілген кадрларды Instagram желісінде жариялады. Ол қамқор әйелінің таңғы асқа қалай шай құйып беретінін көрсетті.