Үйді тегін береді: Еріктілер баспанаға мұқтаж отбасыны іздестіріп жатыр
Еріктілер қиын жағдайға тап болған және баспанаға зәру, жауапкершілікті сезінетін отбасыны іздеп жатыр
Павлодар облысында тұратын Нагизовтар отбасы өз үйін еріктілерге бергелі жатыр. Бұл туралы Павлодар қаласының мейірімділер клубы хабарлады.
Үй Павлодар облысының Тереңкөл ауданындағы Песчаное ауылында орналасқан.
Енді еріктілер үйді беру үшін қиын жағдайға тап болған және осы тұрғын үйде тегін тұруға дайын жауапты отбасыны іздеп жатыр.
Үйдің ішінде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар: ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника, бақшасы мен мал ұстауға арналған қора мен жаңа монша. Ерлі-зайыпты сыртқы киімдерін де қалдыруға дайын, қажетті саймандар да үйде қалады.
Қыста жағуға арналған отын мен бір тонна көмір де бар.
Мейірімділер клубының хабарлауынша, енді ауылда өмір сүруге дайын отбасы қажет.
Ауылда екі қолға бір күрек табылады. Үй Ертістен 100 метр қашықтықта орналасқан. Жанында дүкен, балабақша, мектеп, пошта, жөндеу зауыты, аурухана, әкімдік бар.
«Егер отбасыңыз үйге мұқтаж болса немесе сіз сондай адамдар туралы білсеңіз, онда @club_dobrykov_pavlodar парақшасына дайректке ақпарат жіберіңіз. Таңдау жасау өте қиын болатынын түсінеміз. Басқа біреудің қиындығын объективті бағалау мүмкін емес, алайда тырысамыз. Бұл бүкіл отбасының өмірін түбегейлі жақсы жаққа өзгертуі мүмкін, себебі олар баспаналы болады», — деп жазды еріктілер.
Сонымен қатар олар үйін берген Михаил және Елена Нагизовтарға алғыс білдірді.