«Еріккеннен емес»: Тәуекел Мүсілім не себепті сақал қойғанын ашып айтты

0

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім соңғы уақытта имиджіне түрлі өзгеріс енгізіп, ерекшеленіп жүр. Көптеген жобаларды қатар алып жүретін сері жігіт бүгінде өзіне сақал қойып алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәуекел Мүсілім имиджін өзгертумен қатар, желідегі белсенділігін де арттыра түскен. Актер жанкүйерлеріне барынша жақын болуға тырысып, Instagram-да оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Желідегілер өнер иесінің не себепті сақал қойғанын білуге асығып, оған бұл өзгерісіне қатысты сауалды жолдаған. Киножұлдыз сақал қою түсірілім үшін қажет болғанын айтты. «Сақал түсірілімге керек болды. Сол үшін өсірдім. Еріккеннен емес», — деп қысқа қайырды ол.

Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызы жұбайына қатысты сауалдарға да жауап берді. Оқырманының бірі Тәуекелдің достарымен жиі уақыт өткізетінін алға тартып, оның бұл белсенділігіне Махаббат қалай қарайтынын сұрады. Тәуекелдің сөзінше, оның сыртқа көп шығуына жары мүлдем қарсылық танытпайды. «Махаббат алтын қыз ғой. Ауызбіршілік мықты бізде», — деді актер. Сонымен қатар, әртіс өнер саласына келмеген жағдайда немен айналысуы мүмкін екенін де айтты. Ол «көкпаршы болар едім» деп жауап қатты.