Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәуекел Мүсілім қылмыс әлемінің серкесі болған әкесі туралы фильм түсірмек

Тәуекел Мүсілім қылмыс әлемінің серкесі болған әкесі туралы фильм түсірмек

Көрермендерге «Ананы іздеу», «Свадьба.kz», «Аға ма, әлде неке ме» сынды фильмдер арқылы жақсы таныс отандық актер Тәуекел Мүсілім «Ел аузында» бағдарламасында шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Бұл туралы Brod.kz хабарлайды.

Әртіс бұл жолы киноға түсіп қана қоймай, өз күшін режиссурада сынап көрмек екен.

«Жүзу барысында әкем туралы фильм түсіру идеясы туындады және оны «Сабыр» деп атауды ұйғардым. Таспаның басында әкемнің халыққа айтқан тілегін бейнелейтін көріністі көрсеткім келеді», – деді Тәуекел Мүсілім.

Сондай-ақ, актер Сабыр Мүсілімнің рөлін өзі сомдауы мүмкін екенін де айта кетті.

Тәуекел Мүсілім сұхбаттарының бірінде әкесінің 90-жылдары қылмыс беделі болғанын растаған еді. Сонымен қатар, әртіс әкесі жайлы жаман ойламайды, керісінше оны «өз ұлтыны патриоты» санайды.

Еске салсақ, актер 2019 жылы тұсауы кесілетін «Аға ма, әлде неке ме 2» комедиясына түскен болатын.

Автор
Мадияр