«Еріккеннен емес»: Ақбота Керімбекова үш рет тұрмыс құрғаны үшін сынағандарға жауап берді – Қазақстан жаңалықтары

0
298

Ақбота Керімбекова үш рет тұрмыс құрып, ажырасқаны үшін талай елдің сөзіне қалды. Десе де, әнші еріккеннен күйеуге шықпағанын айтады. Ол жанында арқасүйер азаматының болғанын қалаған.

Ақбота Керімбекова

Бұл туралы Ұлттық арнаның «Сенбілік таң» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Кез келген адам өзінің өмірінің жақсы болғанын тілейді. Ер азамат болсын, әйел болсын. Ғазизхан айтпақшы, «жетісіп жүрген ешкім жоқ». Әр адам өз бақыты үшін күреседі. Бақытты болу деген нәрсені әркім әрқалай түсінеді. Біреу үшін ақша, атақ, енді біреу күйеуден, әйелден, отбасынан көреді. Аллаға мың да бір тәубе деймін, бақытты әйел, анамын деп есептеймін», – дейді Керімбекова.

Бұл ретте әнші алғашқы некесі сәтсіз аяқталса да, келесі рет ақ көйлек киюге қалай бекінгенін түсіндірді.

«Еріккеннен екінші рет, үшінші рет тиейінші деген ойымда болған жоқ. Қасымда арқасүйер азаматым болса екен дедім. Әйелсің, кейде көліктің дөңгелегін ауыстыру керек, жасымыз да келді, барған жеріңде қасыңда біреу отырса деген арман-ниетім болды. Бұл орайда анау үйтті, мынау бүйтті дей алмаймын. Көруші де, білуші де бір – Алла. Қанша шындықты осы уақытқа дейін айтқаныммен, жасыра алмаймын. Бар болмысым осы. Өтірік жасырып болсын, өмірде, өнерде болсын үш емес, төрт рет тұрмысқа шыққандар бар», – дейді Ақбота.

Ал үш күйеуден ажырасқанына қатысты әнші: «Түсінбеді болды», – деп қысқа ғана жауап берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz