Ердос Қанаев лоторея жайлы: Алланың харам еткен дүниесін қайырымдылық деп халал етпей-ақ қойыңдаршы — Қазақстан жаңалықтары

0

Жігіттер тобының мүшесі, әнші Ердос Қанаев лоторея ойнатып, табыс тауып жүрген әріптестеріне жүгінді. Ол лоторея, ұтыс ойнатудың исламда харам екенін айтып, одан алыстауға шақырды. 

 

Ердос Қанаев лоторея, ұтыс ойыны, түрлі конкурс ұйымдастыратын әріптестеріне мұның харам екенін айтты. Одан бас тартуға шақырды. 

«Құрметті әншілер, ақындар, вайнерлер, лотерея ойнатып келген, әлі күнге ойнатып жүрген, болашақта ойнатайын деп ниет етіп жүрген әпке-бауыр, әріптестер! Мынау жарқ-жұрқ еткен қызылды-жасылды жалған дүниеге әркім әр түрлі қарайды. Біреу қамшының сабындай қысқа десе, біреу өлместей көреді. Біреу адамгершіліктің арынан аттамай жүрсе, біреу менде бола берсе, бола берсе деп өмір сүреді. Қарынның қамын ойлап қанағатсыздық ете берсең Қарынбайдың (Харун бай) кебінін кигізе салу Аллаға түк емес. Бірақ әр адамның мақсаты адам болып өмірге келді ме, адам болып өту болу керек. Басқа жаратылыстардан айырмашылығымыз осында. Әйтпесе мал екеш мал да тойғанда күйсегенін тоқтатады. Мен мұны не үшін айтып отырмын? Әңгіменің тұздығы — Лотерея! Осы күнге дейін байқап келемін, қос-қостап мәшине, ана жақтан үй, мына қаладан квартира ойнатып, Ислам дінінде ХАРАМ дүниелерді адалға шығарып, ертең нан алайын деп отырған соңғы ақшасын
 мүмкін ұтып қалармын деп тігіп жіберіп, қарыздан қарызға батып, шыбын жанын шүберекке түйіп отырған халықтың ақшасына ұтыс ойнату модаға айналып бара жатыр. Рас, ұтыстан көз аша алмай қалдық. Бәрінде тегін жатқан батпан құйрық», дпе жазды әнші парақшасында.

Айтуынша, ұтыс ойнату ешқандай қайырымдылыққа жа жатпайды. Керісінше табысы берекесіздікке, адамның өзін күнәһарлыққа әкеледі деп сендірді. 

«Арам дүние деп айтылмас үшін ішіне ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ деп қосып қоясыздар. Ол қанша қайырымдылық болса да — Адал емес. Шариғатта құмар ойын деген бар. Бұл лотерея сол құмар ойындарға жатады. Ал, оны Алла харамға шығарған. Айналайындар-ау, Алланың харам еткен дүниесін ХАЛАЛға шығырып әуре болмай-ақ қойыңыздаршы.

Әлбетте шайтан ішімдік немесе мас қылатын және де құмар ойындары арқылы сендердің араларыңа, жеккөрушілік орнатып, Алланы зікір етуден, намаз оқудан алыстатады деген. Мұның бәрі Исламда харамның үкімін алады. Кімде-кім осымен шұғылданса, хараммен шұғылданған болып есептеледі және үлкен күнаға батады. Кез-келген ойын, оның ішінде ұтылу немесе ұтуға байланысты болса құмарға жатады. Яғни, құмар ойын ақшаға болсын, дүниеге болсын немесе басқа бір затқа болсын, екі адам немесе одан көп адам оған қатысса, ұтқан адам ұтылғанның арқасында жеңіске жететін болса, осының бәрі құмар болып есептеледі», — деп жазды ол.

Желі қолданушыларының басы бөлігі әншінің айтқанын қолдап, алғысын білдіріп жатыр. 

«Алла разы болсын! Шындық! Қанағат болу керек! Халықтың жағдайын ойлағандай болып, жанашыр танытқандай болып қара халықтың қалтасын қағып болды ғой. Үміттенген халық қақпанға түсіп қалталары қағылып жатыр.  Ердос мырза дұрыс ойыңызды әдемі жеткіздіңіз! Рақмет! Жоғарыдағы сіздің көтерген тақырыбыңыз орынды, халқымыз алданғанды қашан қояр екен».

«Дұрыс айтасыз, қазір инстаграмды ашсаң болды лотореялардан, ақша тегін таратамыз деушілерден басқа ештеме көрмейтін болдық», «Қызым саған айтамын,келінім сен тыңда деп тұрсын ау.Дұрыс.Әдемі айтылған .Досың түсінген шығар», «Аллаһ разы болсын Ердос аға. Халықтың онсызда мүңы, қайғысы, қарызы жетеді. Азғана тапқан айлығын үміттенбей харам ойындарға бермей, үйлеріне балалаларына апарса екен. Халықты алдамай бұл Лоторея ойынды түбімен жабу керек», — деп жазды желідегілер.

stan.kz