Ердоған жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме жасады

0

Ердоған Түркия аумағында болған жер сілкінісі туралы мәлімдеме жасап, тың ақпараттармен бөлісті.

«Кахраманмараш жер сілкінісінің ауқымы мен жойылуы ерекше табиғи құбылыс болып саналады. қайтыс болған 35 418 азаматтың артының қайырын берсін. Мен құтқарылған 105 505 жаралы жанның тез сауығып кетуіне шын жүректен тілектеспін», — деп атап өтті Түркия президенті.

6 ақпандағы жер сілкінісі Түркия тарихындағы ең жойқын табиғи апат болды. Ол 1939 жылғы жер сілкінісінен асып түсті.

Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz