Ердоған: Түркияның вакцинасы бәрі үшін қолжетімді болады

0

Түркия Президенті әлемде коронавирустық вакцинаның біркелкі таралмауына алаңдаушылық білдірді.

Түрік вакцинасына қол жеткізу шарттары бүкіл адамзат үшін оңтайлы болады, деп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен БҰҰ-ның «Covid-19 және кейінгі қалпына келтіруді қаржыландыру» тақырыбындағы онлайн-отырысына қатысушыларға бейне хабарлама жолдаған кезде айтты. Бұл туралы orda.kz басылымы жазды.

Ердоған Түркия сынақтардың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін отандық коронавирустық вакцинаға қол жеткізе алады деп мәлімдеді. Ол әлемде коронавирустық препараттардың біркелкі бөлінбеуіне алаңдаушылық білдірді.

— Халықтың барлығы дерлік коронавирусқа қарсы вакциналанған елдердің болғанына қарамастан, тіпті екпенің алғашқы дозасын алмаған миллиардтаған адамдар бар, – деді Түркия президенті.

Оның айтуынша, вакциналау мәселесі қауіпті сипатқа ие болды, өйткені әлемнің 100-ге жуық елі коронавирустық вакцинаға әлі қол жеткізе алмай отыр.