Ердоған елден қашқан Мұхамеджан мен Бекболат сияқтылардың қолтығына су бүркіп отыр – Тұрарбек Құсайынұлы

0

Путиншіл Ресейдің тоқтап қалған газы мен мұнайы енді Түркия арқылы сатылатын болды.

Ал сол қанішер Путин режимінің ғұмырын ұзартқысы Һәм ортағасырлық араби-парсы дәстүрін қайта жаңғыртқысы келетін Ердоған елден қашқан Мұхамеджан Тазабек пен Бекболат Тілеухан сияқты екі сәләфи-ханафиттің қолтығына су бүркіп отыр.

Оған Мұхамеджан Тазабектің фейсбук парақшасында жариялаған Ердоған мен оның ұлы Біләлмен бірге түскен фотоколлаж дәлел болады.

Ең қызығы Бекболат Тілеухан суфизмді өлердей жек көреді, бірақ өзі мансұқтаған «ихуан-муслимин» сияқты сопылық бағыттағы діни-саяси ұйымның Түркиядағы белді идеологы Режеп Тайып Ердоғанды жер-көкке сыйғызбай мақтайды.

Айтпақшы шынайы Исламда бұндай іс-әрекет екіжүзділікті білдіреді, ал ондай адамды мұнафық дейді…

Мысалы Құранда сондай екі сөйлейтіндерге арналған «мунафикун» сүресі бар, яғни екіжүзділер тозақтың ең төменгі қабатында жазаланады делінген..

Анығында исламистерде Отан және ұлттық мүдде деген мүлдем болмайды, яғни араби-парсы идеологиясы қазақшылық пен этнодүниетанымнан әрқашанда биік тұрады…

Сондықтан да менің субъективті пікірім Қазақияда тек Тәңір дүниетанымы ғана ұлттық идеология болуы керек!!!

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

(Мақаладағы автор пікірі редакция көзқарасын білдірмейді)