Желіде Путиннің келгеніне жылаған кішкентай қыздың видеосы тарады

0

Желіде кішкентай қыз Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға сапарына келгеніне жылаған бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнежазбада кішкентай қыз анасына балабақшаға бармауды өтініп, көзіне жас алды.

“Путин келді! Жолда кептеліс. Біз жете алмаймыз”, – деп жылады ол.

Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин кеше Қазақстанға келді. РФ президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады деп күтілуде.