Ер азамат үйін жинап, кенеттен миллионер атанып кетті
Флорида штатының Джексонвилл қаласының тұрғыны үйін жазалып, миллионер атанды.
38 жастағы Джеймс Киндер бірнеше лотерея билеттерін сатып алып, оларды каминге (үйдегі печ — ред.) қойғанын айтады. Киндер билеттерді бірнеше аптадан кейін, үй тазалап жүріп есіне түсіреді. Ер адам билеттердің саны жазылған қорғаныс қабатын өшіріп, миллион доллар ұтысқа ие болғанын біледі.
«Ертерек тауып алмағынам өкінемін», — дейді Киндер. Ол барлық ұтысты бір уақытта алуды жөн санап, салық төлегеннен кейін 790 мың доллар алды.
Киндер лотерея билетін сатып алған дүкен екі мың долларлық бонуспен марапатталды.
stan.kz