Ер адам жерлеуден соң 16 туысынан айырылып қалды

0

Мексикада ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 бірдей туысынан айырылды.

2020 жылы ер адамның алыс туысы COVID-19-дан қайтыс болды. Отбасы мүшелерінің көп бөлігі жерлеу рәсіміне аттанады.

Осыдан кейін олар да коронавирус жұқтырған. Артынша ер адам анасы мен атасынан айырылады. Сондай-ақ, ағасы, әпкесі және немерелес аға-інілері мен әпке-қарындастары көз жұмған.

«Мен тіпті жылап үлгермей жаттым. Вирус менің бүкіл отбасымды жермен жексен еткендей болды. Олар ауырып, артынша бірінен кейін бірі көз жұмып жатты», — деді Хосе Мартин.

Мұнымен қатар, ол әкесінің коронавируске шалдыққанан, ал әпкесінің жазылып шыққанын айтты.