Билікті сынаған кейуана 87 жылға сотталып кетті

0
1097

Таиланд соты король мен монархияны балағаттаған әйелді 43,5 жылға соттады.
Бұл туралы The Independent басылымы жазды.

Қылмыскер 60 жастан асқан және мемлекетте қызметтегі адам. Оны бір баптың үш тарауы бойынша айыптап отыр: ол әлеуметтік желіде тай режимін сынаған аудиохабарламаны бөліскен.

Бастапқыда оны 87 жылға соттаған. Артынша кінәсін мойындаған соң жазасы екі жылға қысқартылған. Бұл — соңғы жылдардағы ең ұзақ мерзім. Бұған дейін ең көп мерзім 35 жыл болған еді.

«Соттың үкімі өте қатал. Бұл биліктің монархияны сынаған азаматты аямайтынын көрсетті», — деді Human Rights Watch ұйымының құқық қорғаушысы Сунай Пхасук.