Ер адам ұзындығы бір метрден асатын жыланды шалбарының ішіне салып, ұрлап кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-тың Роквуд қаласында жануарлар дүкенінен корольдік питон ұрланды. Оны белгісіз ер адам шалбарының ішіне тығып алып шыққан.

Ер адам питонды шалбарының ішіне салып ұрлап кетті

Бұл туралы The State басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зоодүкендегілер корольдік питонды сатып алатын адамдарды тапқан. Алайда жыланды жаңа иесі алып кеткенше, бауырмен жорғалаушы жоқ болып кетіпті.

Бастапқыда дүкен қызметкерлері питон тордан шығып кетті деп ойлаған. Алайда бақылау камерасындағы жазбаны көргеннен кейін оның ұрланғанын білді.

Белгілі болғандай, жыланды ер адам ұрлап кеткен. Ол сатушылардан жыландар туралы көп сұраған. Алайда егеуқұйрық сатып алғысы келетінін айтыпты. Артынша дүкен бақылаусыз қалған кезде ұры ұзындығы 1,2 метр болатын питонды тордан алып шығып, шалбарының ішіне тығып жіберген. Мұнан кейін ол егеуқұйрық үшін ақша төлеп, кетіп қалыпты. 

 

Питонның құны 100 доллар (38 мың теңгеге жуық) тұрған. Роквуд полиция департаменті видеоны желіде жариялап, ұрыны табуға көмектесуді сұрады. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz