Ер адам туған анасын зиратқа апарып тірідей көміп тастады: Полиция үш күннен соң әйелді құтқарды (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Қытайдың Шэньси провинциясында полиция үш күн бойы қабірде ассыз-сусыз жатқан 79 жастағы әйелді құтқарды.
Бұл туралы Daily Mail жазады.
Әйелдің жоғалып кеткенін келіні хабарлады. Сейсенбі күні 5 мамырда ол полицияға хабарласып, 2 мамыр күні кешке күйеуінің анасын арбаға салып, оны бір жерге алып кеткенін айтты. Келесі күні таңертең ол жалғыз қайтып, анасын туыстарына жібергенін айтқан.
Жауап алу кезінде ер адам анасын зиратқа апарып тастағанын, оны қараусыз қалған молаға тастап, жерге көміп тастағанын мойындады. Әйелдің аяғы сал болған, сондықтан ол өздігінен шыға алмады.
https://www.youtube.com/watch?v=oiaXCNIu_DY
Полиция көрсетілген жерге жеткенде, олар жер астынан айқай-шу естіді. Олар жерді қазып, көп ұзамай жерленген әйелді шығарып алды. Қазір ол ауруханада, жағдайы тұрақты. Ұлын кісі өлтіруге әрекетенді деген айыппен жазаланады.
stan.kz