Қазақстанда 9 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 9 – 10 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

9 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкерлері Жеңіс күніне орай дайындаған виртуалды көрме. Музей қорынан алынған графикалық, бейнелеу және мүсін туындылары жұрт назарына ұсынылады (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

14.00 – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қазақстандық суретші Анатолий Горовых туралы видео дәріс, оны суретшінің немересі, Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Ольга Горовых оқиды (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).   

17.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің музыканты, суырып салма ақын, домбырашы Андрей Фендриковпен бірлесе дайындаған, Жеңіс күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламасы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

18.00 – «Астана Опера» театры труппасының орындауындағы Бетховен-Бессмертие-Любовь» балеті (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).

20.00 – «Астана Балет» театры сахналайтын «Жусан» бір актілі балетінің онлайн-трансляциясы (Трансляция @astanaballet парақшасында).

10 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы Қазақстан мемлекеттік өнер музейінің қызметкері Наталья Баженова өткізетін «Бисероплетение» бейне сабағы (Музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында трансляция жасалады).

18.00 – «Астана Опера» театры труппасының орындауындағы «Кармина Бурана» кантатасы (Tengrinews TV-да трансляция жасалады).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 



sputniknews.kz