Ер адам төртінші қабаттан төсек жаймасы арқылы түсем деп құлап кетті
Жапа шегуші аяғын бірнеше жерінен сындырып алған.
Өскеменде ер адам төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz ШҚО ТЖД сілтеме жасап.
— Болған оқиғаға Өскемен қаласының бірнеше тұрғыны куә болған. Тұрғындардың айтуынша, ер адам пәтер ішінде құлыпталып қалып, байланған төсек жаймалары арқылы үйден шықпақ болған көрінеді. Бірақ оның бұл ісі сәтсіз аяқталады. Ер адам «Старт» дүкенінің күнқағарына құлап түскен, — деп хабарлап отыр ТЖД.
Оқиға орнына келген дәрігерлер жапа шеккен адамды дүкен шатырынан түсіріп алу үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Ер адам аяғының қатты ауырғанын айтып арызданады. Анықталғандай, ол аяғын бірнеше жерден сындырған болып шықты.
ШӨАЖҚЖ төртінші бөлімшесінің құтқарушылары зардап шегушіні зембілге таңып, оны төмен түсірген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!