Ер адам ойыншық тапаншамен дүкен тонаған
Степногорде бетін тұмшалап, ойыншық тапаншамен дүкен тонаған жергілікті тұрғын ұсталды.
Әлеуметтік желіде Степногор қаласындағы дүкенді тонап жатқан видео тарады. Онда бетін тұмшалаған жəне қолына тапанша ұстаған ер адам дүкеншіні қорқытып, түскен табысын түгел үптеп кеткені көрсетілген.
Ақмола облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегі бойынша, Степногордегі дүкендердің бірінің сатушы қарашаның 10 күні кезекшілік бөліміне арыз түсірген. Әйелдің сөзінше, бейтаныс ер адам кассадағы 80 мың теңгені үптеп кеткен.
«Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы жетіп, зардап шегуші мен дүкендегі бейнебақылау камерасын тексерді. Кешенді жедел іздестіру шарасы барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Кейін белгілі болғандай күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Одан заттай айғақтар алынды», — деді полицейлер.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотталды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Белгілі болғандай, жас жігіт осындай қылмыстары үшін бұрын сотталған жəне қолындағы тапаншасы ойыншық болып шықты.
Дереккөз: ҚазАқпарат