Мемлекеттік аппарат туралы түсінік | Скачать Курстық жұмыс

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 3

I БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Мемлекеттік аппарат түсінігі, ұғымы және оның нысандары … … … … ..5
1.2 Мемлекеттік басқару және қалыптасу түсінігі … … … … … … … … … … … 8
1.3 Қазіргі заманғы басқару және оның элементтері … … … … … … … … … .12
1.4 Мемлекеттік басқару жүйесі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..14

II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ, ӨКІЛЕТТІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы басқарудың жергілікті, өкілетті органдары және олардың құзыреті … … … … … … … … … … … … … … … … … 22
2.2 Атқарушы билік органдарының құрылымы … … … … … … … … … … … ..31

ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … … … … … … … … … 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … … 36
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мемлекеттік аппарат туралы түсінік деп аталады. Мемлекеттiк аппарат — қоғамды басқару үшiн арнаулы құрылған мемлекет органдарының бiртұтас жүйесi.
Мемлекеттік аппарат — заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым- қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттiк аппарат қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгiленген тәртiп пен азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға; өздерiне берiлген құқықтар шегiнде заңды мiндеттерiне сәйкес өкiлеттердi жүзеге асыруға; мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн сақтауға; өздерiнен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мәселелердi қарауға және солар бойынша шешiмдер қабылдауға, белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
Басқару дегеніміз — қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді. Өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек құралдарын басқаруға заттарды басқару деген анықтама берген.
Қоғамның ең басты өндіргіш күші ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу обьектілері — әлеуметтік — экономикалық жүйелер, ал пәні — өндірісті басқару жүйесі болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекеттік аппарат туралы түсінік тақырыбының мазмұнын ашу. Берілген ақпараттағы өзекті мәселені зерттеп, мемлекеттік аппараттың қоғамға деген маңыздылығын анықтау.
Қайнар көздері: 2013жылы Алматы баспасынан шыққан Д.А. Булгакованың Мемлекет және құқық теориясы оқулығын пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

I БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1.1 Мемлекеттік аппарат түсінігі, ұғымы және оның нысандары
Мемлекеттiк аппарат — қоғамды басқару үшiн арнаулы құрылған мемлекет органдарының бiртұтас жүйесi.
Мемлекеттік аппарат — заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым- қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады. Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен қызметі, құрылысы мен құзыреті құқықтық нормалармен бекітіледі және оларға жалпыға міндетті көпшілікке немесе жекелеген тұлғаларға бағытталған заңи актілер шығару құқығы беріледі. Осы актілер тәрбиелік, марапаттаушылық, сендіру, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда күштеу шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджеттен қаражат алу мүмкіндігі болады әрі өз қаулы-қарарларын орындатуға қажетті материалдық құралдармен жабдықталады.
Оның нысандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттiк аппарат мекеме және органдардың байланыс жүйесi; мемлекет органдардың қызметi ұйымдастырушылық, материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктерi мен қамсыздандырылады; мемлекеттiк аппарат азаматтардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау үшiн құрылады.[2]
Қазақстан республикасы Мемлекеттiк қызмет туралы Заңның екiншi бабында: Мемлекеттiк қызмет — азаматтардың мемлекеттiк органдар мен олардың аппаратында конституциялық негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк басқаруды басқаруды жүзеге асыруда, мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған кәсiби қызмет делiнген.
Мемлекеттiк аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бiр жүйеге бiрiктiрiледi. Бұл жүйенiң негiзiн экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезiм құрады. Осы жүйеде әрбiр органның өзiнiң орыны, бiр-бiрiмен қарым қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптерi көрсетiледi. Дамудың әрбiр кезiнде мемлекеттiк органдардың орындайтын қызмет бабы және істерi өзгерiп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкiл аппаратты бiр орталыққа бағындыратын — патшаның билiгi орнаған Парламенттiк республикада негiзгi функциялар парламенттiң парламенттiң қолында болады.
Мемлекеттiк аппараттың объективтiк бағыттары байқалады: бюрократизация, диффиренцация, профессионализiмнiң өсуi.[1]
Мемлекеттiң әрбiр типiне мемлекеттiк аппараттың ерекше нышандары сәйкес келедi. Мемлекеттiк қызмет — конституциялық негiзде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттiк органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттiк басқаруды, бсқа да мемлекеттiк мiндеттер мен қызметтердi атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметi.
Қазiргi мемлекеттiк аппараттың қызметi мынадай принциптер мен реттеледi: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелi, тиiмдi болуы.[6;73б]
Ол үшiн оның қызметi демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиiс. Мемлекеттiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттiк аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны iске асыруға мiндеттi.
Халықтың мемлекеттiк басқару процессiне қатысуының демократиялық жолдары — олардың сайлауға қатысуы, Халықтың өкiлдерi мемлекеттiк аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк бередi. Халық мемлекеттiк аппараттың қызметiне көмек беру үшiн қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттiк аппаратпен байланысатын саяси жүйенi құрады. Конституцияның 33 бабында Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi делiнген.
Мемлекеттiк қызметтердiң принциптерi: заңдылық; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдылығы; мемлекет қызметiне кiруге, қатысуға ерiктiлiгi; өз өкiлеттерi шегiнде жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiпқойлығы мен жоғарғы билiктiлiгi.
Билiк бөлiну принциптерi. Қазақстанның бiртұтас мемлекеттiк билiгiнiң тармақтарға бөлiну принципi Конституцияда белгiленген негiзгi принциптердiң бiреуi ғана емес, ең күрделiсi. Республикадағы мемлекеттiк билiк бiр тұтас, өйткенi бiрден бiр бастауы Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi бөлiнбейдi. Бұл билiк өзiнiң принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесiне бөлiнедi және билiктер бiр бiрiн шектейдi.
Мемлекет аппараты өз қызметiн ашық және жариялық iстеуге тиiстi. Мемлекеттiк органдардың қызметтерiнiң кәсiпшiлгi, тәжiрибесi және хабарлардығы өте жоғары болуға тиiстi. Мемлекеттiк аппарат өзiнiң қызметiнде бар заңдардың талабын мүлтiксiз орындауға тиiстi.[8;36б]
Мемлекет аппаратының iшкi құрылысы — қатаң тәртiптi, субординацияны, олардың бiр бiрiмен байланысын жақсарту. Мемлекеттiк аппарат бiртұтас күрделi жүйе, ол бiрнеше салаларға бөлiнедi: атқару және сот жүйелерi; құқықты қорғау және қорғау және қарулы күштер жүйесi. Бұл мекемелердiң алдында тұрған мақсаттары, iшкi құрылыстары, қолданатын әдiстерi мен принциптерi. Оларды бiрiктiрiп, қызметтерiн жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Мемлекеттiк аппарат қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгiленген тәртiп пен азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға; өздерiне берiлген құқықтар шегiнде заңды мiндеттерiне сәйкес өкiлеттердi жүзеге асыруға; мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн сақтауға; өздерiнен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мәселелердi қарауға және солар бойынша шешiмдер қабылдауға, белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.

1.2 Мемлекеттік басқару және қалыптасу түсінігі
Басқару дегеніміз — қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді. Өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф.Энгельс еңбек құралдарын басқаруға заттарды басқару деген анықтама берген.
Қоғамның ең басты өндіргіш күші ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. Зерттеу обьектілері — әлеуметтік — экономикалық жүйелер, ал пәні — өндірісті басқару жүйесі болады.
Басқарудың анықтамалары өте көп. Олардың кейбірінің анықтамаларын келтірейік. [4;85б]
Басқару дегеніміз — жүйенің жаңа, сол жүйеге арналған күйге көшуі.
Басқару — не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері. (Тейлор).
Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы, еңбек бөлісінің қажетілігіне байланысты. Екінші жағы — басқару қашанда билікті бар өкілеттікпен (әлеуметтік — экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.
Өндiрiстiң мәнiне келетін болсақ, өндiрiс — бұл қоғамның дамуы мен өмiр сүруi үшiн қажеттi материалдық және рухани игiлiктердi құру процесi. Өндiрiс ұғымы — бұл абстракция, шын мәнiнде жалпыламалы мағынаны бiлдiредi және өнеркәсiп , ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндiрiсте көрiнедi.
Адам тамақтану процесiнде өзiнiң тәнiн ұдайы өндiредi. Өнеркәсiп өндiрiсi жұмыс күшiн, шикiзат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игiлiктердi ұдайы өндiредi. Тұтынусыз өндiрiс процесi жоқ. Өндiрiс процесi тек қана үш факторлардың — адамның жұмыс күшi, еңбек заты мен еңбек құралдары өзара iс-әрекетi арқылы жүзеге асады. Бiрiншiсi — жеке түрде жүзеге асса, екiншiсi мен үшiншiсi — өндiрiс процесiнiң заттық факторы ретiнде жүзеге асады. Осы жағдайда К.Маркс былай деп жазған ; `’Қоғамдық өндiрiс түрлерi қандайда болмасын, жұмысшы мен өндiрiс құрал-жабдығы үнемi оның факторы болып қалады».
Жұмыс күшi — бұл адамның дене және рухани қабiлеттiлiгiнiң жиынтығы және оны өндiрiс процесiнiң материалдық игiлiктер мен қызмет көрсетуiнде қолданады. Өндiрiс процесiнiң жүзеге асуы, жұмыс күшi әрбiр кезде iс-әрекетте болуы қажет, тұтынылуы керек.,[9;61б]
Еңбек затының өзi көп жағдайда бұрынғы еңбектiң өнiмi болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы металл құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және бұлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамның табиғи мүшесiнiң жалғасы ретiнде жүзеге асады және оны еңбек процесiнде қолданады.
Әрбiр адам жеке жұмыс iстейдi, бiрақ барлық еңбек процесi ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндiрiс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екi жағы болады; өндiргiш күштер және өндiрiстiк қатынастар.
Кәсiпкерлiк қабiлеттiлiк — арнайы өндiрiс факторы — өндiрiстi ұйымдастыруда бастамашылдықты, төзiмдiлiктi , тәуекелдiктi көрсетедi.
Ұйымдағы басшылық. Басшылық, басқарудың маңызды компененті болғанына қарамастан, лидерлер үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Кейде шешімді лидерлік ресми ұйымға да кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, бейресми ықпалды лидер ұжымының нашар жұмыс істеуі және өнімнің сапасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін.
Файли, Хаус және Керр басқару мен басшы қызметкер арасындағы айырмашылықты көрсетіп: Басқару бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, керісінше, бір адамның басқаларға ықпалы, әсер етупроцесі, деп атап көрсеткен.
Басқарушы ұйымның басшылығында алдын — ала қарастырылған ресми әрекет — өкілеттіліктерді беру арқылы келеді. Лидер болса, ресми емес әрекеттердің нәтижесінде, өз абыройымен жетеді.[11;99б]
Ұйымның басшысы — лидер, сонымен бірге , ал бағыныштыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты ұйымға берілген жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ете білуі.
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім — кадрлар бөлімі болып табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын атқарады.
Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері ашылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару бойынша директор орынбасарларының жетекшілігімен кадрлармен жұмыс істеуге қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.
Кіші және орта ұйымдарды персоналды басқару жөніндегі көп функцияларды бөлімше жетекшілері, ал ірі ұйымдарда оларды орындайтын жеке өзіндік құрылымдық бөлімшелер қалыптастырады.
Кәсіпорынның персоналын басқару өзара байланысқан іс — әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:
* кәсіпорын іс — әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау;
* еңбек нарығын талдау және жұмысбастылықты басқару;
* персоналды іріктеу және бейімдеу;
* кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың кәсіби және әкімшілік өсуін жоспарлау;
* еңбек етуді қолайлы жағдайлармен қаматасыз ету, соның ішінде әрбір адам үшін игілікті әлеуметтік-психологиялық хал-ахуал құру;
* өндірістік процестерді ұйымдастыру, еңбек шығындары мен нәтижелерін талдау, құрал — жабдықтар бірлігінің саны мен әр түрлі топтардағы персонал саны арасындағы тиімді қатынасты бекіту;
* еңбек өнімділігін басқару;
* тиімді іс — әрекетті мотивациялау жүйесін жасау;
* еңбекақы төлеу жүйесін жобалау;
* кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру;
* дау-жанжалдан сақтау және болдырмау.

1.3 Қазіргі заманғы басқару және оның элементтері
Өтпелі кезең жағдайында экономиканы басқарудың орасан зор мақсаты нарықтық қатынастарды реттеу әдістерінің икемді жүйесін жасау, халық шаруашылығының әлеуметтік жағынан бағдарланған, қоғам мүшелерінің лайықты өмір сүруі үшін материалдық жағдайлар жасай алатын нарықтық экономикаға оңтайлы енуін қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен, басқару дегеніміз — алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.
Басқаруды ұйымдастыруға жүйелі түрде қарау оның ақпараттық жағын бөліп алып, оны дұрыс бағалауды талап етеді.
Басқарудың барлық процессі ақпаратты қабылдау, өзгерту, жеткізу процессі ретінде қарастыру мүмкін. Бұл процестің орталық сәті шешім қабылдау актісі болып табылады.
Басқару жүйесінде барлық органдар мен қызметкерлер байланыстық тармақтарды құрайтын ақпарат арқылы байланысады.
Басқару өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден бастап — ақ басқару қажеттілігі пайда болды, [13;100б]
Әрбір адамның өзін — өзі басқаруы төмендегідей проблемалар жиынтығынан тұрады:
* Қабылдау және түсіну
* Сөздің мағынасы
* Сөзбен емес, ауызша емес ақпараттармен алмасу.
* Кері байланыстың сапасыздығы
* Дұрыс естімеу немесе қабылдай алмау.
Осы фактілерді ескере отырып, жеке адамдар арасындағы хабарлармен алмасудың тиімді жолымен іске асырамыз.
Қазіргі уақытта жүйелі көзқарас ғылым мен практиканың барлық салаларында кеңінен пайдаланылады. Мұның басты себебі, өндіргіш күштердің дамуы.
Басқару теориясы екі бөліктен тұрса да, ғылым ретінде біртұтас. Олардың біреуі қисынды талдау негізінде өндірісті басқарудың жалпы заңдары мен қағидаларын зерттейді. Екінші бөлігі басқару өнері деп аталады.
Басқару қатынастары мынадай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді: біріншіден, басқарушы және басқарушылар жүйелер арасындағы, яғни тікелей басқару субьектісі мен тікелей өндіріс арасындағы қатынастарға, басқарушы жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады.
Ақпараттық қоғам төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады: ақпараттық-технологиялық жарылыс тудырған қоғамның жаңа түрі; білім қоғамы; ақпарат алмасуда уақыт, кеңістік, саяси шекаралар деген ұғымдардың әсері жоқ жаһандық қоғам. Ақпараттық қоғам құру 1980 жылдардың аяғында барлық дамыған елдердің стратегиялық мақсаттарының біріне айналды. Үлкен сегіздік елдері 2000 жылы шілденің 22-сінде қабылдаған «Ғаламдық ақпараттық қоғамның Окинавалық Хартиясында»: «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ХХI ғасырдағы қоғамның қалыптасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады» деп тұжырымдалды. [14;59б]
Жаңа ақпараттық технологиялар қоғам мен мемлекет өзара әрекетінің мәнін, мазмұнын өзгертеді, сол арқылы сан-алуан ақпараттар көзіне азаматтардың қол жетімділігін кеңейтеді, саяси шешімдер қабылдау процесіне адамдардың қатысу мүмкіндігін арттырады, билік құрылымдарының қызметіне қоғамдық бақылау орнатуға жағдай туғызады, ақпаратты тұтынып қана қоймай, оны белсенді өндіруге түрткі болады. Сондықтан да диссертацияда ақпараттық қоғам электрондық технологиялар арқылы басқару процесін жүргізуге қызығушылық танытып, электрондық үкіметтің туындауы ақпараттық қоғамның қажеттілігі ретінде, жаңа өмірдің сұранысын қанағаттандыру мақсатында дүниеге келді деген ғылыми тұжырым жасалады.
Ақпараттық қоғамда биліктің, оның институттарының дамуына мүмкіндік беретін ең алдымен озық ақпараттық технологиялар негізінде құрылатын барлық деңгейдегі коммуникативтік өзара қатынастың жаңа жүйесін жасау болып табылады. Оған қоса, соңғы кездері әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттік басқару күрделене түсуде, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілер саны да артып барады. Ал оларды оңтайландырудың бірден-бір жолы — электрондық үкіметтің жұмысын дұрыс жолға қою. Мұның барлығы жаңаша ақпараттық технологияларға деген биліктің мұқтаждығын өсіре түсуде. Бүгінгі ақпараттандыру дәуірінде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру мен саяси жүйеге енгізу ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі.[14;71б]

1.4 Мемлекеттік басқару жүйесі
Қазақстан Республикасында басқару жүйесі: мемлекеттік басқару және жергілікті басқару болып бөлінеді.
Мемлекеттік басқару — Қазақстан Республикасының Президентімен басқарылады.
Қазақстан Республикасының Президенті елдің басқарушысы болып келеді. Оның басқару қызметі мына келесі бағыттар арқылы анықталады.
+ Обьектінің дамуы мен жұмыс істеуіне анықтайтын мақсаттар арқылы;
+ Сол кездегі мақсаттарға жету үшін қажетті құрал жабдықтар мен әдістерді қолдану;
+ Осы мақсаттарға сәйкес нәтижелер алу үшін барлық өндіріске қатысушылардың күш- жігерлерін біріктіріп, үйлестіру. [3]
Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік органдарының мынадай үш негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының Жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес біздің елімізде мемлекеттік билік тармақтары үшке бөлінеді: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінеді. Демек заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінің әрқайсысы дербес әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін жоғарғы тұлға.
Республикан Президентi — халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепiлi.
Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Қазақстан Республикасның 1993 жылғы Конститутцияда Президент туралы тарау Жоғарғы Кеңес тарауынан кейін орналасқан. Ол Жоғарғы Кеңестің кең өкілеттілігін білдіреді. Ірден-бір заң шығарушы және жоғарғы өкілетті орган ретінде танылғандығын білдіреді. Конституция мемлекетті парламенттік республика құруға бағытталды.1995 жылығы Конституцияда Президент бірінші орынға қойылды. Сөйтіп Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесінің орнықтырылғандығы туралы Конституцияда бекітілді.[16;83б]
Конституцияға сәйкес ел Президенті мемлекеттік билік пен адам құқықтары мен еркіндігінің кепілі болып табылады. Конституциямен анықталған ел президентінің статусы еліміздегі басқарудың президенттік формасын анықтайды.
Президенттің өкілеттігіне жататындар:
* мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
* Қазақстанды халықаралық қатынастарға шығару;
* Халық пен мемлекеттің атынан сөз салу;
* Биліктің барлық тармақтарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету.
Ел президентінің жауапкершілігі Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес, есеп комитеті, ұлттық банк қызметтеріне байланысты жіктеледі. Президент Республика бойынша заң күші бар жарлықтар мен қаулылар шығарады.
ҚР-да Президентке тікелей қарайтын және атқаратын қызметтрі бойынша үкіметтен тәуелсіз бірнеше экономикалық құрылымдар бар. Олар:
oo бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия;
oo мемлекеттік қызмет агенттігі;
oo стратегиялық жоспарлау агенттігі;
oo Республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын есеп комитеті;
oo Коррупциямен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия.
Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрінiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады. [17;48б]
Атқару билігі органдары-мемлекеттік органдардың неғұрлым көп те әртүрлі тармақты жүйесі. Оған орталық жергілікті органдар да президент, үкімет премьер-министр, ішкі істер министрі, басқа министрлер тағайындаған лауазымды адамдар да ,аудан бастықтары, жергілікті жердегі министрлердің жіберген адамдары.
Атқару билік органдары қызметінің ең бастысы заңды орындау, оны өмірге келтіру, үкімет билігін жүзеге асыру. Осы мақсатқа байланысты оларға өкім ету өкілеттілігі беріледі. Парламенттің тек заң шығару қызметімен айналысып қана қоймайтыны сияқты, атқару органдарының да қызметі тек заңдарды орындаумен шектелмейді. Атқару билігі органдарының жалпы сипаттағы қалыптық құжаттар қабылдап, заң шығару саласында да түсіп кететін жағдайды да, тіпті өкім ету, әуелі сот қызметіне азды-көпті араласып кететін бақылау жасайтын кездері де болады.
Билікті бөлістіру тұжырымына сәйкес мемлекеттік билік тармағы ішінде бірінші орынды заң шығару билігі алады. Өз саласы бар дегенмен атқару сот және бақылау биліктері заң атынан заңды орындайды. Кейбір конституциялармен зерттеушілер бөлетін құрылтайшы және сайланбалы биліктерге келер болсақ, біріншісі ерекше тәртіппен жүзеге асырылатын конституцияны, яғни негізгі заңды қабылдайды, сондай-ақ түптеп келгенде заң шығару билігі болып табылады. Ал сайланбалы билік халық егемендігін білдіретін түрлердің бірі ғана.
Парламент Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілді парламентаризм енді отандық әдебиеттер парламенттің қатысуынсыз шығару мүмкін болмайтын мемлекеттік басқару жүйесі ұғымына ие болды. Парламент мемлекет саясатын белгілеу мен үкіметтің қызметіне бақылау жасауда шешуші роль атқарады.[15;57]
Заң шығарушы уәкілін жүзеге асырушы жоғары өкілді орган Қазақстан Реслубликасының Парламенті болып табылады. Қазақстан Республикасының Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Олар тұрақты түрде жұмыс істейді. 1998 жылғы 7 қазанда ҚР Конституциясына енгізілген түзетулерге сәйкес, әрбір палатаның өкілеттік мерзімі әр түрлі: Мәжіліс өз өкілдігін 5 жыл мерзім, Сенат 6 жыл мерзім ішінде жүзеге асырады. Сенат әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және астанадан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс 77 депутатган қүралады, 67 жеті депутат бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. 10 депутат тепе-теңдік өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізім негізінде сайланады.
Парламенттің негізгі құзыреті заңдарды дайындау, қарау және қабылдау болып табылады. Парламенттің қызметі Конституциядан басқа ҚР 1995 жылғы 16 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңы, 1997 жьілғы 11 сәуірдегі, 1999жылғы 12 наурыздағы, 1999 жылғы мамыр-айындағы өзгерістер және толықтыруларымен реттеледі.[15;88б]
Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;
2) республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттiк салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды;
3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысының мәселелерiн шешу тәртiбiн белгiлейдi;
4) мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк нышандарын анықтайды;
5) мемлекеттiк заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуi туралы мәселелердi шешедi;
6) азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады;
7) Республиканың халықаралық шарттарын бекiтедi және олардың күшiн жояды.
Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар Төрағаларын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентiнiң Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру;
4) Республиканың заңдарына сәйкес жергiлiктi өкiлдi органдардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату;
5) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесiнiң құрамына екi депутатты … жалғасы