Ер адам бейтаныс әкесінің арқасында 30 туған бауыры барын білді

Джорджия штаты Атланта қаласының тұрғыны өмір бойы өзін отбасындағы жалғыз ұл деп ойлап келген. Алайда жуырда ол өзімен бір туған кемінде 30 аға-інісі мен әпке-қарындасы барын білді.
Tiktok қолданушысы Энди Набил 2020 жылдың желтоқсан айында Ancestry.com генеологиялық қызметінен үш ДНҚ тестін сатып алғанын айтады. Біреуін өзі қолданып, қалған екеуін ата-анасына мерекеге орай сыйға тартқан.
Күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Жоғарыда аталған генеологиялық қызмет оның ата-бабасының Англия, Франция емес, Ирландияда өмір сүргенін көрсеткен. Сондай-ақ, ол Ancestry.com базасында өзі білмеген туыстары туралы мәліметті тапқан.
Энди Набил тереңінен зерттеу жүргізіп, көп ұзамай жұмбақтың жауабын тапты. Ата-анасы да көп ұзамай оған шындықтың бетін ашып, оны жасанды ұрықтандыру жолы арқылы дүниеге әкелгенін айтқан. Ал сперма донорының 30-дан астам баласы бар болып шықты.