Енді Түркия Президенті Ердоған әскери операция бастамақ
Түрік қарулы күштері Сирия Араб Республикасының аумағында жаңа трансшекаралық операцияны жоспарлап отыр.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұған дейін Түркия әскері елдің оңтүстік-шығыс шекараларында қауіпсіз аймақтар құру үшін осындай лаңкестікке қарсы операциялар жүргізген. Сәтті операциялар қатарына «Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы» және «Көктемгі қалқан» әскери операциялары кіреді. Олар бірнеше реттен өткізілген. Қазіргі бесінші антитеррористік операция – «Барыш пынары» («Бейбітшілік көзі»).
Бесінші операция Сирияның солтүстік бөлігінде өткізіледі.
«Біз оңтүстік шекараларымыздың бойында 30 шақырымдық қауіпсіздік аймағын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. «Бейбітшілік көзі» операциясы Түркияға қатысты террористік қауіпті бейтараптандырады және сириялық босқындардың туған жерлеріне жайлы оралуын жеңілдететін қауіпсіз аймақ құруға мүмкіндік береді. Біз Сирияның аумақтық тұтастығын сақтап, аймақ халқын лаңкестерден азат етеміз» деді Түркия президенті Режеп Ердоған.