«Әйелі орыс адамдардың партия құруына тиым салу керек шығар» — журналист Жолымбет Мәкіш

0
«Әйелі орыс адамдардың партия құруына тиым салу керек шығар» деген ой тастады журналист Жолымбет Мәкіш. Оған еліміздегі соңғы кездері орын алып жатқан  тіл төңірегіндегі шиеленес түрткі болса керек деп хабарлайды Kznews.kz  жаңалықтар порталы kaz.caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Осы деймін де, орыстан қатын алған адамдарға партия құруға рұқсат бермейтін заң керек-ау бізге. Тура осындай болмаса да, осыған ұқсас тыйым Балтық бойындағы елдердің біразында бар. Украинадағы ресейшілдердің біразы кезінде сондай адамдар болып шыққан. Орыстан қатын алған қазақтың орыстың сөзін сөйлеп кететіні әуелден белгілі нәрсе. Әбден оң-солымызды танып, өз-өзімізге кеп алғанша осындай бір заң керек сияқты. Олжас Сүлейменов ол сөзді әйелінің ықпалымен айтты деп ойлаймын өзім. «Жаман күйеу қайынсақ» дегендей, орыстан әйел алған Мұсабаев та сол, ОДКБ-ның әскерін кіргізу керек деп аттандап шыға келген «ұлттық батырымыз» Әубәкіров те сол, Ертісбаев та, Сүлейменов те соның ар жақ, бер жағы. Орыспен ауыз жаласып алған бұлар қанша жерден патриотизм туралы тамылжытып, елжіретіп тұрып айтса да, елітіп кете алмайды екенсің ешқашан», -деп жазды журналист.

Еске салсақ,  қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов жаңадан партия құратынын және орыс тілінің ресми тіл мәртебесін сақтап қалу керектігін айтқан болатын. Тіпті «Украина орыс тілінен бас тартамыз деп мемлекеттігін жоғалтты» деген уәж келтірген еді. Бұл жағдай қазақ тілді қауымның шамына тиді.