Енді шетелдік банктер көбейеді. Бірақ елдегі базалық мөлшерлемемен жұмыс істейтін банктің халыққа қандай пайдасы бар?

0

Шаруалардың тыңайтқышты жеткілікті мөлшерде алуына не кедергі болып отыр?

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы серіктестік пен одақтастық нығаяды. Хиуа қаласында кездескен екі елдің басшылары барлық бағыттағы екіжақты ынтымақтастыққа көңілдері толатынын жеткізді. Қазіргі таңда екі елдің үкіметі қол жеткізілген уағдаластықты жүзеге асыруды қолға алды.

Көршілес екі елдің өзара тауар айналымының көрсеткіші жаман емес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 4,4 миллиард доллар болған. Өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде қос елдің арасында инвестиция көлемі 2,5 миллиард доллардан асатын 60 бірлескен жоба бар. Оның аясында 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын салу жобасы да сәтті жүзеге асып жатыр.

Биыл маусым айының соңына қарай Қазақстанда резервтегі 83 пайдалы қазба кен орнын аукционға шығару жоспарланған. Мұны Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров мәлімдеді. Оның айтуынша, жеке инвесторлар келешегі бар жер қойнауын іздеуді инвестициялауға қызығушылық танытып отыр.

Жер қойнауын пайдалануға инвестицияны арттыру үшін еліміздің барлық аумағы мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына енгізілген. Орташа барлау мерзімі 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Жалпы алғанда, мемлекет балансында пайдалы қазбалардың 103 түрі бойынша 9 мыңнан астам кен орны бар. Қазақстанның шикізат қоры 100 жылға дейін жетуі мүмкін. Былтыр 74 жер қойнауы учаскесі бойынша 2 аукцион өткізілді.

Қазір елімізде 21 банк жұмыс істейді. Бірақ корпоративтік несиелеумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен бірнеше ірі банк қана айналысады. Бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия қаржы ұйымдарымен келіссөз жүріп жатыр.

Олар біздің нарыққа кіруі үшін инвесторларға талап барынша жеңілдетілмек. Бірақ мұны іске асыру үшін банк секторындағы кейбір кедергіні алып тастап, заңға бірқатар өзгеріс енгізу керек. Сарапшылар отандық бизнесті қаржыландыру барысында қосымша қаржы көзінің артық болмайтынын айтады.

Енді шетелдік банк болғаннан кейін олардан жаңа продукциялардың келуіне яғни Қазақстанда болмаған жаңа аталмыш продукциялардың келуіне және өзіміздегі Қазақстандық банктардың басқа бір бағытта жаңа бір тауарларды ұсынып алып келуі мүмкін. Сондықтан Қазақстанға келетін шетелдік банктардың көпшілігі бұл бізге үлкен көмек болып келеді. Яғни шетелден банктардың келуі  бұл экономикалық тұрғыда жаңа бір дамудың үлгісі деп қарастырсақ болады.

Шетелдік банктер Қазақстан бекіткен базалық мөлшерлеме бойынша жұмыс істейді. Яғни, несиенің пайызы өзгермейді, несиені теңгемен береді. Бірақ банктің көбеюі саладағы бәсекелестікті арттырады.

Қазақстанда мысалыға көлік қаржыландыруына мысалы көліктің автокредитование деп атайды. Сол автокредитованиеде мысалы Қазақстанда 5 пайыздық мөлшерлемемен береміз дейді және алғашқы жарнаны төлегеннен кейін толық суммадан есептейтін болады. Ал шетелдік банктарда бұл нәрсе болмауы мүмкін. Яғни оларда тек қана қалған суммадан есептеу деген секілді ықтималдық продукциялар бар болуы мүмкін.

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының компаниялар тобы Қазақстандағы су тасқыны салдарын жоюға 15 млрд теңге бөледі. Қаржы Samruk-Kazyna Trust бірыңғай қайырымдылық операторы арқылы бағытталады.

Қазір қызметкерлердің қауіпсіздігін, жабдықтың тұтастығын қамтамасыз ету – компанияның алдында тұрған басым міндеттің бірі. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін күш біріктіру маңызды. Сол себепті алдын алу жұмыстарын, сондай-ақ зақым келген өндірістік нысандардың жұмысын штаттық режимге келтіру үшін іс-шаралар жалғасады.

Jusan bank «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-нан өз облигацияларын сатып алып, мемлекеттен алған 100 миллиард теңгесін мерзімінен бұрын қайтарды. Мұны аталған банктің директорлар кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов мәлімдеді.

Тыңайтқыш мол өнім кепілі екенін білсек те, шаруалар тиісті талапты сақтай бермейді. Әр гектарға тиесілі тыңайтқыш себілмейді. Оның белгілі бір себептері бар. Енді шаруаларға тыңайтқыш сатып алудың жаңа тетігі ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі диқандар үшін тыңайтқышты зауыттан бөліп төлеу арқылы беру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұған әкімдік кепілдік болмақ. Биыл көктемгі егіс науқанында шамамен 1,5 млн тонна тыңайтқыш себіледі. Жемқорлықтың жолын кесу үшін қазір отандық тыңайтқыштарды аванстық субсидиялау көзделген. Субсидия тікелей отандық зауыттарға беріледі. Экономист мамандар жаңа бастама отандық агроөнеркәсіп кешенінің дамуына оң әсер етеді деген сенімде.

Мысалыға біз кез келген тыңайтқышты 100 млн көлемінің суммасына мысалыға 10 млн теңге көлемінің суммасында алдық деп есептейік. Яғни осыны 12 айға бөліп төлеу арқылы яғни кез келген ауылшаруашылығымен айналысатын яғни қаражаты жетпей тұрған диқаншылардың барлығы осы нәрсені егуге және өндірісті ұлғайтуға үлкен көмектеседі бұл кезекте.

Бірінші кредиттік бюроның дерегінше, бір апта ішінде елімізде қант күрт қымбаттаған. Атап айтқанда, 26 наурыздан бастап 2 сәуірге дейін оның бағасы 1,4% өскен. Сарапшылар соңғы рет мұндай жоғары өсім 2022 жылы тамыз айының басында болғанын жазады.

Мейрамбек ЕРБОЛАТҰЛЫ