Енді қазақстандықтар QR-код көмегімен үйлене алады

0
12

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

eGov.kz порталында QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болатын қызметтер тізімі пайда болады, болашақта бұл тізім кеңейе түседі

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда енді некені тіркеуге QR-код арқылы өтініш беруге болады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, қазір техник мамандар QR-код көмегімен алуға болатын қызметтерді осы айда іске қосу үшін жұмыс істеп жатыр.

Бұл қызметтердің қатарында:

  • некені тіркеу;
  • баланың туғанын тіркеу;
  • баланы балабақша кезегіне қою;
  • заңды тұлғаны ашу;
  • салық есептілігін (250 форма) қабылдау бар.

«Осы қызметтерді компьютерде алған кезде, электронды сандық қолтаңбамен қол қою орнына, QR-кодты сканерлеп, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметті алуға сұрау жіберу жеткілікті. Электронды сандық қолтаңбаны қолдану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнатудың да қажеті жоқ», – деді Жұмағалиев.

eGov.kz порталында осы қызметтерді алған кезде, азамат «QR-code арқылы қол қою» функциясын таңдайды.

Тағы оқыңыз: Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады

Осыдан кейін eGovMobile қосымшасының көмегімен мониторда пайда болған кодты сканерлейді.

Кейбір қызметтер үшін QR-код арқылы қол қою мүмкіндігі осы айдың соңына дейін жүзеге асады.

Болашақта бұл қызметтер тізімі кеңейе түспек.

eGov mobile қосымшасын App Store және PlayMarket платформаларынан жүктеуге болады.



sputniknews.kz