Енді өміріміз бұрынғыдай болмайды — Жания Джуринская

0
147

Жақында ғана алғаш рет ана атанған актриса Жәния Джуринская желіде жолдасы мен қызының ерекше видеосын бөлісіп, елді тамсандырды. Желі қолданушылары әкесі мен қызына жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ сайты.

Жәния Джуринская елдің ыстық ықыласына бөленген отбасылық бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялады. Бірер күн бұрын ғана тұңғышын дүниеге әкелген актриса аналық өмірдің әсерін бөлісті. Ол күйеуі екеуі аса бақытты екенін жеткізген.

«Енді өміріміз бұрынғыдай болмайды. Өміріміз одан бетер бақытты әрі жарық болмақ. Себебі өмірге сен келдің. Біздің махаббатымыздың жемісі. Көбісі перзентханадан қалай шығарып алғанын сұрап жатыр. Біз тып-тыныш үшеуміз ғана шығып, үйге келдік. Бізге басқа ештеңенің қажеті жоқ болды. Бір-бірімізді құшақтап, жуынғымыз келді», — деп жазды өнер иесі. Желі қолданушылары жұлдызды жанұяның ерекше сәтіне куә болып, оларға сүйсіне қарады.