«Енді мұның мәні жоқ». Саша Барон Коэн Борат образын қолдануды тоқтатты

0

Шетелдік актер Саша Барон Коэн елде дау тудырған Борат образын қолданудан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды LADbible басылымы.

Variety журналына берген сұхбатында 49 жастағы актер Боратты «сөреге қоятынын» мәлімдеді. Саша Барон Коэннің айтуынша, персонаж прототипі бұрынырақта кездестірген орыс таксисі. Сондай-ақ, ол Боратты былтыр АҚШ президенті қызметінен кеткелі жатқан Дональд Трампты сынау үшін қолданғанын жеткізді.

«Бұл фильмнің мақсаты болды. Демократияға қауіп төніп тұрғанын сездім және фильмді аяқтау керегін түсіндім. Енді бұлай жасаудың мәнін көріп тұрғаным жоқ», — деді Коэн сұхбатында.