Енді әкімдер мемлекеттен бөлінген қаржыға қымбат көлік ала алмайды — новости Казахстана
Алдағы жылдан бастап, әкімдер мемлекет қаржысына қымбат көлік ала алмайды. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алудың жаңа тәртібін жасап, әкімдіктердің тендерлерін бақылауға алып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Заң 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа заң мемлекеттік сатып алу тәртібіне тағы бірқатар өзгерістер енгізіп отыр.
«Ауыл әкімдеріне ары кетсе «Нива» берілуі мүмкін. Аудан, облыс әкімдеріне одан сәл жоғарылау санаттағы көліктер сатып алуға рұқсат етіледі. Бірақ, қыруар ақшаға қалаған көлігін мініп жүре алмайды. Заңда бұрын мұндай норма болмаған. Соны енді енгізіп жатырмыз», — дейді қаржы министрлігі депатаментінің директоры Сәбит Ахметов.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар