Бишімбаев жалпы тәртіптегі колонияға ауыстырылады — Ел жаңалықтары

0

Түркістан облысы Төле би аудандық сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың өтініші қаралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Бишімбаевтың минимал деңгейдегі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады. Экс-министр жазасын орта деңгейдегі қауіпсіздік (жалпы тәртіптегі колония) мекемесінде өтейді. Төле би аудандық соты осындай шешім қабылдады.

«Олар қоныс колониясына ауыстыруды сұрады. Бірақ ол 189-баптың 4-бөлігі бойынша сотталды, сондықтан ол қауіпсіздік деңгейі орта колонияда жазасын өтей алады. Сот сол себепті осындай шешім шығарды. Ол қалаған колониясына ауыстырылады. Осында болуы мүмкін немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша», —  деді судья Нұрмахан Жорабеков.

Кеше, 28 желтоқсанда сотталған экс-министр қоныс колониясына ауыстыруды сұраған болатын. Бишімбаев сот отырысына видеобайланыс арқылы қатысқан еді. Бірақ өтінішті қарау мерзімі бүгінге, 29 желтоқсанға ауыстырылған болатын.

Қуандық Бишімбаевтың коттеджі ауыл әкімдігіне беріледі

Еске салайық, тамызда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы колониядан Шымкенттегі колонияға ауыстырылған болатын. «Бұл максимал қауіпсіздік мекемесі, яғни, қатаң тәртіптегі режим, шамамен 500 адам болады. Ғимарат 1976 жылы пайдалануға берілген болатын», — деп мәлімдеген еді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің қызметкері Ғалымжан Хасенов.

Биыл 14 наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған болатын. «10 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметтерде басшы лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіз мекемеде өтесін, сондай-ақ, мүлкі тәркіленсін», — деп оқыған еді үкімді судья Әділхан Шайхисламов.

Бишімбаевтың коттеджіндегі сауна қалай өзгерді

2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

«Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан», — деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz