«Ең қарапайымы – Сәкен»: тыңдарманымен жатып суретке түскен Сәкен Майғазы жұртты сүйсіндірді

0

Әншінің қарапайымдылығы МузАрт тыңдармандары арасында қызу талқыға түсті. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазы өзінің Instagram парақшасында МузАрт тобының концерттерінің біріндегі бейнежазбамен бөлісті. Бейнежазбада кішкентай қыздың Сәкен Майғазымен суретке түспек болғаны көрінеді. Мұны байқаған әнші кішкентай тыңдарманының артында, сахнаға жатып суретке түскен.

«Тұрып түсейін десем балапанның бойы жетпей тұр, отырып түсейін десем шалбарымның тізесі шығып кетейін деп тұр… Балапаным сол, мәз өзі. Құлыншақтарымызды қуанту да бір бақыт», — деп жазды әнші.

Әншінің бұл әрекеті көпшілікті сүйсіндірді.

«Сәкен Майғазиев Мұзарттың жүрегі. Топты алға сүйреп тұратын сіз екен Шымкенттегі концертте көзім жетті», «Мейрамбек-Мейрамбек» дейміз-ау, бірақ халыққа етене жақын Сәкен екен», «Қарапайымдылық! Баланы түсіне білу», «Сәкеннің адамгершілігі мол жігіт. Жарайсың Сәкен бауырым. Алла да осындай қарапайымдылықты жақсы көреді. Ақ жол тілеймін», «Бәрінен де қарапайымы – Сәкен екен. Баланың көңілін қалдырмады», — деп жазды оқырмандар.