Елорданың сол жағалауында тұрғын үй кешенінің кіреберісі карантинге жабылды

0

Тұрғындарға екі апта бойы үйден шығуға тыйым салынды, тек азық-түлік дүкеніне баруға рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда «Северное сияние» тұрғын үй кешенінің кіреберісі карантинге жабылды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстанға елорда әкімдігі растады.

«Северное сияние» тұрғын үй кешенінде №1 кіреберіс карантинге жабылды»,- деп мәлімдеді әкімдіктен.

«Северное Сияние» тұрғын үй кешені астананың сол жағалауында «Керуен» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан.

Бұған дейін елордада тұтас бір аудан қоршауға алынды: тоғыз көпқабатты үй карантинге жабылды. Абылай хан, Рысқұлбеков, Мүсірепов, Мұстафин көшелері квадратында режим күшейтілді.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда қай үйлер карантинге алынғаны белгілі болды

Шұғыл қызметтер мен жұмыс істейтін азаматтардың көлігіне кіріп-шығуға рұқсат етіледі. Тұрғындар жұмыс орнынан анықтама көрсетсе, ал көлік «Сергек» базасында тіркелуі тиіс. Үйден тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек алу үшін шығуға болады.

Қазақстанда 1 654 адам коронавирус жұқтырды, соның 369-ы елордада тіркелген.

Астанада 172 пациент жазылып шықты, екеуі қайтыс болды.



sputniknews.kz