Шымкентте джип жүргізуші полицейді қағып кетті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Шымкенттегі жол қиылысында полиция қызметкерін көлікпен қағып кетті. Жүргізуші қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу басталды.

https://www.youtube.com/watch?v=XbtBPa7gV2k

18 сәуірде джип жүргізушісі  Бәйдібек би мен Төлеметева көшелерінің қиылысында тұрған полиция қызметкерін қағып кетті.

Оқиға орнында болған жағдай Polisia.kz порталын жариялады.

Зардап шеккен полицейдің жағдайы орташа ауырлықта. Күдікті ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігінің 9-тармағы (Төтенше жағдай жарияланған жерде мемлекеттік қызметшіге қатысты күш қолдану) бойынша қозғалды.

Кінәлі жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Көлік тұраққа жіберілді.


Оқи отырыңыз

Терезелерді шағып, төсектерді лақтырды: Алматы облысында жүздеген тұрғын амбулатория алдына шу шығарды (видео)


 

stan.kz